Қазақстандық ескекшілер әлем чемпионатында тағы екі финалға жолдама алды

2 502

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстандықтар Сергей Емельянов пен Мария Бровкова байдарка мен каноэде есуден Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Емельянов каноэде жекелей сында 200 метрге жарыстың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті. Ол өз тобында 42,99 секунд нәтижесімен үшінші орын алып, финалға өтті.

Мария Бровкова жекелей сында каноэде 500 метрге жарыста жүлде үшін бақ сынайды. Жартылай финалда отандасымыз өз жарысында 2:19,31 нәтижесімен екінші болып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін Мария Бровкова мен Ульяна Киселева каноэде жұптық сайыстың 200 метрлік қашықтығында финалға шыққан болатын.

Емельянов 28 тамызда жүлде үшін таласады. Ал әйелдер арасындағы финалдық жарыстар 29 тамызға жоспарланған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.