Қазақстан полицейлері Венгрияда өткен әлем біріншілігінде жүлде алды

2 555

Фото: Абай облысы ПДАбай облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Саят Тұрысбеков Будапешт қаласында өткен әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Департаменттің мәліметінше, ол 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Саят бала кезінен спортпен айналысады.


Кикбоксингтен екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Ішкі істер органдарында аға лейтенант 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.


Сонымен қатар, 86 келі салмақта өнер көрсеткен СҚО Полиция департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов қола медальға қол жеткізді. 

Жарысқа 50 елден 750 жуық спортшы қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.