Футболдан бірінші лигада «Каспий» көш басына шықты

2 531

Фото: caspiy_fcФутболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIІІ турында ақтаулық «Каспий» көш басына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтаулық команда аталған турда өз алаңында «Түркістан» командасын қабылдады. 


Кездесу барысында олардың қатарынан Дамир Марат 61, Арман Нүсіп 83-минутта мергендік танытты.


Осылайша «Каспий» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, қайтадан турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.


Сондай-ақ өз алаңында Оралдың «Ақжайығы» Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 0:2 есебімен есе жіберсе, «Қайрат-2» Павлодар облысының «Екібастұзын» 3:0, 


«Тараз» «Ақтөбе-2» командасын 2:0 есебімен жеңді.


Енді 28 маусымда «Түркістан» облысының «Арысы» «Ұлытауды», Шығыс Қазақстан облысының «Алтайы» Түркістан облысының «Жетісайын», астаналық «»SD Family» алматылық «Хан Тәңірін» қабылдайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.