Шахматшы Бибісара үшінші рет жеңіске жетті

2 502

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясыБиылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өзбекстанның Самарқан қаласында рапид пен блиц шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатының  екінші күні аяқталды.


Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше ерлер мен әйелдер рапидте 4 турдан ойнады. Сессиядағы алғашқы жүрісті 1-тақтада FIDE басқарма төрағасының орынбасары Дана Рейзниеце-Озола жасады. Барлығы рапид түрінде 270-ке жуық ойыншы тіркелген.


Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Қазір бірінші орында тұрған Анастасия Бондаруктың (FIDE) еншісінде – 7 балл. Бүгінгі шешуші 3 турда жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.


Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мың доллары ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мың доллар әйелдер арасындағы турнирдің жүлдегерлеріне үлестіріледі. Шахматшылар 26-28 желтоқсан аралығында рапидтен сынға түссе, 29-30 желтоқсанда блиц шахматтан мықтылар анықталады.