Футболдан Қазақстан кубогының төртінші туры басталмақшы

472
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші туры басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Төртінші тур ойындары 29, 30, 31 шілде күндеріне белгіленген. Бүгін А тобында 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) және «Атырау» командалары кездессе, 21:00-де В тобында «Қайсар» (Қызылорда) және «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады. Ертең, 30 шілдеде 19:00-де D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады. Ал 31 шілдеде 18:00-де В тобында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақжайық» (Орал), 19:00-де D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), 21:00-де А тобында «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Қайрат» (Алматы), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) ойындары басталады. Еске салсақ, Қазақстан кубогының топтық кезеңі 8 шілдеде жалауын көтерді. Ол 15 тамызда мәресіне жетеді. Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген. Оның 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.