Бүгін бокстан әлем чемпионатында жартылай финал ойындары өтеді

293
Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда бес қазақстандық шаршы алаңға шығады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) беларус Евгений Кармильчикпен кездессе, Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Акашем Кумармен шеберлік байқасады. Ал Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) таиландтық Танарат Саенгфетпен кездессе, Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальеро Гарсиямен жекпе-жекке шығады.

Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 23.00-де болады. Жекпе-жектер «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.