Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

2 177

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы:

  • отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
  • клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
  • Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау  Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.