Садақ атудан Қазақстан командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

287
Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық додасының финалына шыққан болатын. Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үштігі ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасына бір ұпай айырмасымен ұтылды. 

Есеп - 235:236. 

Бұл Қазақстан еншісіндегі екінші медаль. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алған еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.