Ерлер құрамасы Elorda Cup бокс турнирінде бірінші орынды иеленді

1 567

Бокстан халықаралық Elorda Cup турнирінде еліміздің ерлер құрамасы бірінші орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Халықаралық турнирде барлығы 10 елден 200-ден астам спортшы жарыс медаліне таласты.


Олардың арасында Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.


Ел құрамасынан сегіз боксшы жеңіс тұғырына көтерілді.


Олар - Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Тимур Қабдеш (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Абзал Құттыбеков (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі).


Халықаралық турнирде өзбекстандық боксшылар үш «алтын» алса, біреуі Тәжікстан спортшысына бұйырды.


Еске салсақ, аталған турнирде Қазақстан қыздар құрамасы сегіз «алтын» медаль алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.