Қазақстан хоккей құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

2 531

Фото: icehockey.kzШайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы жетінші ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны жеңді. Нәтижесінде элиталық дивизиондағы орнын бесінші жыл қатарынан сақтап қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құрамалар әлем чемпионатының топтық кезеңінде жоғары деңгейде өткізе алған жоқ. Алты ойында қазақстандық хоккейшілер үш ұпай жинаса, польшалықтар небәрі бір ұпайды місе тұтты.


Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен құрама элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалатын еді.


Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Дегенмен Польша құрамасы сапынан Камиль Валенга 9-минутта қақпадан саңылау тауып кетті.


Ойынның 12-минутында қазақстандық Никита Михайлис таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде ел құрамасынан Валерий Орехов 50, Роман Старченко 54-минутта екі шайба соқты.


Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіліп жатыр.


Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.