Салқынқанды отырып саралау керек

298
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, 29 шілдеде Токио Олимпиадасынан боксшы Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті елге оралды. қошеметпен қарсы алды.


 Елорда әуежайында олар тілшілердің сұрағына жауап беріп, жеңілісіне қатысты өз ойын айтты.

 
Алғашқы кездесуде-ақ америкалық боксшы Джонсон Делантеге есе жіберген Абылайхан Жүсіпов айтуылы додаға тыңғылықты дайындалып барғанын айтады.


 "Бокста бірінші жыл жүрген жоқпын, бірінші рет мұндай жүкті арқалаған емеспін, сондықтан психологиялық тұрғыдан да дайын болдым. Өз басым бабымда, тыңғылықты дайындалып бардым деп айта аламын. Өзім ойлаған, бапкер қойған талаптарды барынша орындадым деп ойлаймын.


 Жарыс алдында бізге барлық жағдай жасалды, Токиоға жарыс алдында бір апта бұрын бардық. Өз басым жекпе-жегімді әлі қараған жоқпын, оны салқынқанды отырып қарап, саралау керек. Сол кезде не кемшілік кеткенін айта аламын", - дейді боксшы. 


Спортшы аздаған демалыстан соң кәсіби спорттағы жоспарын қайта қарастыратынын алға тартты.


 "Олимпиадаға екінің бірі барып жатқан жоқ, оған қатысудың өзі бақыт. Әр жарыстан соң шүкіршілік етеміз. Мен үшін әр жарыс ол сабақ, бұл Токио Олимпиадасы да кезекті сабақ болды. Олимпиадаға қатысуды армандаушы жас спортшыларға айтарым, көп еңбектену керек", - дейді ол.