“Қазақстанды әлемдік спорттың шыңында көрсеткім келеді”: Голубенко

2 538

Фото: HLTV.org20 жастағы қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Гонконгте өткен BLAST Rivals Finals Season 2 турнирінде жеңіске жетіп, чемпион атанды. Финалда ол бразилиялық FURIA құрамымен бірге Team Falcons командасын 3:1 есебімен ұтып, жарыстың басты трофейін иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жеңістен кейінгі сұхбатында Данил «Жыл жаңалығы» атағын алуға қарсы еместігін, бірақ басты мақсаты — турнирлерде топ жару екенін атап өтті.

«Әрине, “Жылдың жаңалығы” сыйлығын алу жақсы болар еді, бірақ ол мен үшін бірінші орында емес. Ең маңыздысы — турнирлерде жеңу. Содан кейін барып MVP болу немесе басқа жүлделерге қол жеткізуге болады. Мен үшін бастысы – трофей», – деді ол.

Сонымен қатар, Данил халықаралық аренада Қазақстанның атын асқақтатуды армандайтынын жеткізді.

«Мен өз елімді, өз туымды танытқым келеді. Қазақстан әрдайым жоғары деңгейде көрінсе екен деймін. Бұл – менің арманым. Қазақстанды әлемдік спорттың шыңында көрсеткім келеді», – деді киберспортшы.

Айта кетейік, бұл Голубенконың бір жыл ішіндегі үшінші ірі халықаралық жеңісі. Бұған дейін ол қыркүйекте өткен Fissure Playground 2 жарысында және Қытайдағы IEM Chengdu турнирінде топ жарып, екі жарыста да MVP атанған. Мұндай тұрақты жетістік киберспортта өте сирек кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.