Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден берілді

614
Шымкентте грек-рим күресінен Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден берілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен қалалық күрес федерациясының президенті грек-рим күресінен Азия чемпиондары Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) мен Әлімхан Сыздықовты (130 келіге дейін) марапаттады.

Спортшыларға 1 млн теңгенің сертификаттары табыс етілді. Палуандардың жаттықтырушылары 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) өтті. Бұған дейін хабарланғандай, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді.

 Отандық «классиктер» еншісінде екі алтын, бес күміс және екі қола медаль бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.