Қазақстан құрамасы Жапонияны ойсырата жеңді

2 509

Фото:©icehockey.kzҚазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионында екінші ойынын да жеңіспен аяқтады.-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап,

Қазақстан құрамасы Жапония командасын 6:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. 

Кездесуде шайба авторлары – Дінмұхамед Қайыржан, Ансар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Әлихан Әсетов, Роман Старченко және Кирилл Ляпунов. Артур Ғатиятов үш нәтижелі пас беріп, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінің көшін бастады (2 ойында 1 шайба + 4 пас). Осыған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы турда Литваны 4:1 есебімен жеңген еді. Алдағы ойындарда команда Польша, Украина және Франция құрамаларына қарсы кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.