Нұр-Сұлтанда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» фестивалінің шешуші кезеңі өтуде
347
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында елордада ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің атақты спортшылары ұлттық ойындардың ішінде асық ату, қазақ күресінде, көкпарда күш сынасады.
Жарысқа шамамен 225 спортшы қатысуда. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс өңірлердегі іріктеу кезеңдерінен жүлделі орынға ие болған спортшылар тоғызқұмалақ, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу және басқа да ойын түрлерінен жеңімпаздарды анықтайды.
Жалпы алғанда, ұлттық ойындардың 7 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарлануда. Оның ішіне асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, көкпар, жамбы ату және теңге ілу кіреді.
Ұлттық ойындар қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және халықтың өмірі мен мақсатын бір арнаға тоғыстырады. Дәстүрлі ойындардың шығу тегі халқымыздың көшпелі шаруашылық қарекеттерінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін сақталған.
Фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сонымен қатар «Ұлттық және ат спорты орталығы» бірлесе отырып ұйымдастыруда.
Жарыс ұлттық стратегияны дамытуға бағытталған. Ұлттық спорт түрлері жастардың бойында күш, ептілік пен төзімділікті дамытуға, азаматтардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.