"Барыс" 3 те 1 есебімен жеңіске жетті

446

28 қыркүйек Мәскеудегі көшпелі серияның қорытынды матчында "Барыс" "Спартакты" 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кирилл Савицкий мен Михаил Рахманов денсаулық жағдайына байланысты ойынға қатыса алмады. Олардың орнына Диас Гусейнов пен Михаил Григорьев ойын өрнегін көрсетті. Юлий Гудачек қақпада болды.

Алғашқы ұпайды "Спартак" еншіледі. Шайбыны соққан – Захар Арзамасцев. Екінші сегментте ешкім гол соқпады.
Ал соңғы кезеңде қазақстандықтар ойын барысын өзгертті. Джереми Бракко ұпай еншілеп, есепті теңестірді. Одан соң Аркадий Шестаков шайбыны соқты.  Матчқа Егор Петухов нүктесін қойып, 3: 1 есебімен басымдық көрсетті.

Келесі матч 2 қазан күні Қазақстанда “Сочиге” қарсы өтеді.