Қостанайда республикалық халық спорты ойындары басталды

431

Фото: Қостанай әкімдігіҚостанайда өтіп жатқан республикалық ойындарға   1400- ге жуық  қатысушы жиналды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми ашылу салтанатынан кейін олар спорттың 9 түрі бойынша жарысқа араласа бастады. Оның ішінде футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық және үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күресі сияқты жекелей бағыттар бар. Сонымен қатар жарыс бағдарламасына, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар да қосылған.

- Іріктеу сындары 3 күн бұрын басталды. Нәтижесінде тоғызқұмалақтан елордалық спортшылар топ бастап келеді. Олардың еншісінде 7 ұпай бар. Ал үстел теннисінде Қарағанды облысының өкілдері 6 ұпаймен тізімде бірінші тұр. Шағын футболда Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары жолығып, бас-аяғы 12 гол соғылды. Қорытынды есеп: 8:4. Ал волейболда Алматы, Шымкент және Қостанайдың көрсеткіші жақсы. Сонымен қатар бесасықтың командалық түрінде Қызылорда мен Қарағанды өкілдері барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың жалпы қорытындысы 24 маусымда белгілі болады,- дейді ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы Самат Ерғалиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.