Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

2 543

Фото: МТКҚазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік бес боксшының қатарына кірді. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын боксшы соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтып, мансабындағы он жетінші жеңісіне жеткен еді. Осы жеңіс Сұлтанды әлемдік рейтингте жоғарылатып, бұрынғы чемпион Луис Гарсияның алдына шығарды.


Сұлтанның салмағында америкалық Ламонт Роуч чемпион болса, бірінші орында Отар Эраносян, екінші және үшінші орында Джоно Кэрролл мен Ли Вуд тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.