Анна Данилина Биаррице W60 жарысының ширек финалына шықты
398
Қазақстандық Анна Данилина жекелей сында Франциядағы Биаррице W60 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 351-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 445-ракеткасы, франциялық Сара Цакаревичпен өткізді. Екі сағат 31 минутқа созылған матчта А.Данилина 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшының екінші матчы да тартысты өтті. Ол бұл жолы 2 сағат 40 минутқа созылған бәсекеде әлемнің 187-ракеткасы, швейцариялық Йоанна Цугерді 4:6, 7:6 (9:7), 6:4 есебімен жолдан тайдырды. Данилина жартылай финалға шығу үшін рейтингте 509-сатыдағы франциялық Люси Нгуен-Танмен таласады. Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жанкүйерлерін қуанта алмады. Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің екінші айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррейге жол берді – 3:6, 6:7 (4:7). Екінші партияда есеп 5:3 болып, сетке доп берген Александр сол мүмкіндігін пайдалана алмады.
Рыбакина Хертогенбос (Нидерланд) додасының екінші айналымында америкалық Шелби Роджерстен ұтылып қалды – 2:6, 4:6.