Бүгін «Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді
Бүгін, 10 шілдеде қазақстандық «Ордабасы» клубы футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жарыстың аталған сатысында шымкенттік клуб Молдованың «Петрокуб» командасын қабылдайды.
Кездесу 10 шілдеде сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Шымкенттік клуб былтыр ел біріншілігінде тұңғыш мәрте чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
«Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта да өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Сондай-ақ олар екі мәрте (2020/21, 2021/22) күміс, үш мәрте (2017, 2018, 2019) қола жүлдегер атанды.
Ал, 2019/20, 2023/24 жылдарда Молдова кубогының жеңімпазы болды.
Қарымта кездесу 17 шілдеге белгіленген.