Отандасымыз джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

2 505

Абай гарнизонының әскери қызметшісі Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен жекпе-жекте жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Тұяқов Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан халықаралық турнирде әлем чемпионы атағына ие болды.


Байрақты бәсекеде Мерхат Тұяқов қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. 85 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақстандық спортшы жеті белдесу өткізіп, оның барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ол татамиде Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, бәрін тізе бүктірді. Төрт қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтты. Ал алтын жүлде үшін белдесуде Мерхат Тұяқов Ресей Федерациясының спортшысын жеңді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.