Қазақстандық спортшылар шахматтан Азия ойындарында бақ сынамақ

2 109

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматтан ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Дүбірлі дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткізіледі. Ел құрамасы сапындағы 10 спортшы жекелей сында рапид, командалықта классикалық шахматтан сынға түседі.


Жекелей сында ерлер арасында Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек сынға түссе, әйелдер арасында Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жүлдені сарапқа салады.


Командалық бәсекеде Əлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсат, Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек қарсыластарымен шеберлік байқасады.


Сондай-ақ әйелдер арасында Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік шеберлік байқасады.


Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет шахмат 2006 жылы Катар астанасы Дохада беделді бәсекеде енгізілген. Сол жолы блиц түрінен Мұртас Қажығалиев чемпион атанды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.