Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездесті
“Реал Мадридтің” жұлдыз ойыншысы Мбаппе Орталық стадионда ерекше жанкүйерімен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Реал Мадрид ойыншыларының Орталық стадиондағы жаттығуына Санжар есімді Мбаппенің кішкентай жанкүйерін шақырғанын мәлімдеді.
Мбаппе Санжармен қол алысып, бірге суретке түсіп, қолтаңбасын берді. Видеодан Реалдың барлық ойыншылары мен бапкерлері де Санжарға келіп суретке түсіп, қолтаңба бергенін көруге болады.
Қаз
Рус






