Мемлекет басшысы Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

2 533

Фото:AkordapressКенияда өтіп жатқан таеквондодан Әлем чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Қабыланды алтын медаль жеңіп алды. 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшының жеңісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жолдаған құттықтау хатта Бейбарыстың тарихи жетістігі еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

“Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін!”, – делінген Президенттің құттықтауында.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының аталған чемпионаттағы алғашқы жүлдесі.

Шешуші финалдық кездесуінде Бейбарыс Қабылан Оңтүстік Корея спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.