Жүзуден Қазақстан командасы Түркия чемпионатында бақ сынайды

2 546

Фото: Olympic.kzЖүзуден Қазақстан командасы ересектер арасындағы Түркия чемпионатында сынға түседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлемітінше, әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю жарыс жолына шығады. 


Ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов жүлдеге таласады. 


Түркия біріншілігі 2-4 мамыр аралығына жоспарланған. 


Айта кетейік, бұған дейін жүзуден Қазақстан командасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Жаттығу жиыны үш аптаға созылды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.