Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогын үздік үштікте аяқтады

2 517

Фото: © ҰОКҚазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен әлем кубогының бірінші кезеңін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орын алғаны белгілі болды. Жарыс Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26-шы сәуір аралығында өткен.

 Беделді бәсекеде Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келі) жеңімпаз тұғырына көтеріген. Аида Әбікеева (65 келі) күміс медаль алса, Алуа Балқыбекова (51 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі) қола жүлдегер болған. Әлем кубогында 7 медаль алған отандастарымыз жалпы командалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Көш басында 9 (5 алтын, 4 күміс) Бразилия тұрса, одан кейінгі орынға Қытай (4-0-1) құрамасы жайғасқан. Ал Әзербайжан (3-0-1), Польша (2-0-3), Өзбекстан (2-0-1), Норвегия (1-1-1), Венесуэла (1-0-0), Испания (0-2-2), Мажарстан (0-2-0), АҚШ (0-1-2), Франция (1-0-2), Аустралия (0-1-1), Жапония (0-1-1), Марокко (0-1-1) келеді. Сербия, Хорватия, Армения бір күміс алса, Канада -3, Англия, Аргентина, Италия, Түркия -2, Аустрия, Германия, Болгария, Қырғызстан, Молдова, Тайпей, Бельгия бір қола олжалаған.

Әлем кубогына биыл 50 елден 400-ден астам боксшы қатысып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.