Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатынан кейінгі табысы белгілі болды

299

Белградта өткен әлем чемпионатынан кейінгі қазақстандық боксшылардың табысы белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әуесқой бокс халықаралық ассоциациясы бірінші орын үшін 100 мың доллар, екінші орынға 50 мың доллар және үшінші орынға 25 мың доллар төлейді. Бұдан бөлек спортшыларға мемлекеттік бюджеттен 15, 7 және 5 мың доллар қосымша беріле
ді. 
Қазақстан бокс федерациясы да әлем біріншілігінің жеңімпаздарына қомақты қаржы төлемекші. Алтын медаль иегерлері 70 мың доллар, күміс медаль 50 мың және қола медаль иегері 30 мың доллардан алады. 

Осылайша әлем чемпиондары Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов 185 мың доллардан алады, бұл 79,4 миллион теңгені құрайды. 

Күміс медаль иегерлері Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановқа 107 мың доллардан, шамамен 45,9 миллион теңге беріледі. 

Қола медаль жеңген Абылайхан Жүсіповтың табысы 60 мың доллар, бұл шамамен 25,7 миллион теңге.