Бақбергенова әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

1 298

Фото:  Prosports.kzБелградта өтіп жатқан  әлем чемпионатында қазақстандық күресші  Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Күресші 72 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың финалында америкалық Амит Елордан жеңіліп қалған болатын.
Бақбергенова турнирді ширек финалда бастап, өзбекстандық Светлана Окназарованы жеңген болатын. Жартылай финалда Александра Анхелді (Румыния) сенімді түрде жеңген еді.
Естеріңізге сала кетсек,  былтырғы әлем чемпионатында да Жәмила Бақбергенова финалға шығып, жапониялық Масако Фуруичиден жеңіліп қалған. Одан бөлек, екі рет Азия чемпионатында топ жарған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.