18 жастағы қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің чемпионы атанды

2 188

Фото: Андрей Ударцев18 жастағы қазақстандық спортшы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Финалда Жиенбаева ұлыбританиялық Элис Гилианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді.

2024 жылы 30 қыркүйекте, дүйсенбіде WTA-ның жаңартылған рейтингісінде Соня Жиенбаева өзі үшін рекордтық орынға, яғни 753-ке бір-ақ көтеріледі. Бұл – Жиенбаеваның спорттық мансабындағы ересек әйелдер туры аясындағы екінші жеңісі. Ол бұған дейін Антальяда өткен турнирде жеңімпаз атанған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.