Ұлттық құрама боксшылары Испанияға аттанды
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен Испанияға аттанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ерлер құрамасы 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысында өткізді.
Нұржан Насанов боксшылардың біраз уақыт жарысқа шықпағанын ескере отырып, оларға тәжірибе қажет екенін айтты.
Бас бапкер Испаниядан кейін ақпан айында Алматыда тағы бір оқу-жаттығу жиыны өткізіп, екі құрамды “Странджа” турниріне қатыстыруды жоспарлап отыр. Дайындық барысында жастар құрамасында шақырып, бақылап көру мүмкіндігін бермек.
Бас бапкер тағайындалғанына аз ғана уақыт болса да, боксшылармен тез тіл табысқанын және ауызбіршілік орнатқанын атап өтті.
Испанияға аттанған құрам:
50 кг: Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 кг: Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 кг: Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 кг: Санатәлі Төлтаев
70 кг: Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мурсал
75 кг: Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 кг: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
85 кг: Нұрбек Оралбай
90 кг: Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
+90 кг: Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан.







