Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

2 515

Фото: aikyn.kzЖурналист елге оралғаннан кейін Азия ойындары мен отандық спорттағы мәселелерге қатысты бірнеше подкаст жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Азия ойындары аяқталды! Айтатын дүние көп. Оны қазір бір постқа сыйдыра алмаймын. Елге аман-есен жеткесін, бір емес, бірнеше подкаст жазылады. Иә, қорқыту-үркітулер болып жатыр. Өте жоғары жақтан. Бірақ осының бәрін мен айтпасам, кім айтады?! Бұл жерде жеке басымның мүддесінен гөрі бүкіл отандық спорттың мүддесі жоғары. Сондықтан бір адым да артқа шегінбеймін», – деп жазды Аслан Қаженов.


Ол жазбасында қандай жағдай болса да, көтеріп жүрген мәселелерін айтудан бас тартпайтынын жеткізген.

«Одан кейін соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, маңызды емес. Кезінде шындық үшін Махамбет атамның басын кескен. Бер жағында, яғни өзім көзіммен көргенімді айтар болсам, Амангелді Сейітханды да біраз қудалап, біраз шеттетті. Ақыры өлтіріп тынды. Біз олардың қасында кімбіз?! Басқа түскенін көреміз. Ақиқат қымбат. Соның жолында құрбанбыз», – деп жазды журналист.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.