Қазақстан чемпионатында шабандоздар жүлделі орындарға қол жеткізді

2 518

Фото:© Қазақстан ат спорты федерациясыАстанада өткен конкурдан Қазақстан чемпионатында елордалық Prestige Horse Club спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Астаналық клуб өкілдері чемпионат қорытындысы бойынша негізгі маршруттарда жоғары нәтиже көрсетті. 130 см биіктіктегі А тобындағы маршрутта Олег Соколенко 11 қатысушының арасынан озып, бірінші орынды жеңіп алды. Ал 120 см биіктіктегі В тобында астаналық спортшылар жүлделі тұғырды толық иеленді: Раиса Соколенко 22 қатысушының ішінен үздік нәтиже көрсетіп, алтын медальға қол жеткізді, ал Олег Соколенко екінші және үшінші орындарды иеленіп, клубтың басымдығын тағы да дәлелдеді.Фото:© Қазақстан ат спорты федерациясы

 130 см биіктіктегі В тобында Олег Соколенко 18 қатысушы арасынан жеңімпаз атанып, өз шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық спортшылар өзге бағыттарда да табысты өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін және ұлттық деңгейде тұрақты нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын дәлелдеді.