Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатының рекордын жаңартты

2 313

Фото: ҰОКҚазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы да медальдармен көзге түсті.

Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты - 175 келі. Ал, жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні бағындырды.

U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болмады. Ол да серпе көтеруде құрлық рекордын жаңартты — 194 келі. Жұлқа көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.