«Барыс» Беларусьтің «Динамо» командасынан жеңілді

412
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды.

Гол соғатын мүмкіндік іздеді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде беларусьтік клуб хоккейшілері қатарынан үш гол соғып кетті. Оны Райан Спунер 21, Ник Меркли 31, Роман Горбунов 32-минутта өзінің еншісіне жазды.

Оған «Барыс» хоккейшісі Никита Михайлис 35-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде елордалық клубтан Лиден Вей 42-минутта есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен одан кейін Райан Спунер 50-минутта тағы бір голдың авторы атанса, Роман Горбунов 58-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Енді елордалық клуб 18 ақпанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.