Қазақ балуаны әлем чемпионатында өзбек спортшысына есе жіберіп, медальдан қағылды

179

Фото: Prosports.kz.

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан қоржынында әлі жүлде жоқ, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ке сілтеме жасап.


Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Аманғали Бекболатов қола медальға таласқан болатын. Өкінішке қарай, өзбекстандық Жасурбек Ортукбековті 5:0 есебімен ұтып жатқан жерлесіміз 9:5 есебімен жеңіліп қалды. 
Одан бөлек, 72 келіде ел намысын қорғаған Ибрагим Магомадов та қоладан көз жазып қалды. Ол түркиялық Сельчук Канға есе жіберген. 
Айта кетелік, бүгін грек-рим күресінен 2, әйелдер күресінен 2 салмақта белдесулер өтеді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.