Жағажай Азиадасы-2026: қазақстандық волейболшылар тағы жеңіске жетті

2 529

Фото: ©Никита Басов, Қазақстан ҰОКҚытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан топтық кезең ойындары жалғасып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ҰОК мәліметінше, кезекті матчтарда Қазақстанның ерлер құрамалары сәтті өнер көрсетті.

Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Малайзия өкілдері - Мухаммад Исма Хазик Бин Исмаил мен Ен Джен Тан жұбынан басым түсті. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:12, 21:13).

Ал Сергей Богату мен Кирилл Гурин Бангладеш спортшылары Хоросита Бисвас пен Шихаб Ахмедті жеңді. Ойын екі партияға созылып, 2:0 есебімен (21:15, 21:14) аяқталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.