20 жастағы қазақ киберспортшысы әлемдік аренада үздік атанып 1 млн доллар ұтып алды
Қазақстандық жас киберспортшы, 20 жастағы Данил Голубенко Қытайдың Чэнду қаласында өткен халықаралық IEM Chengdu турнирінде жеңіске жетіп, 1 миллион АҚШ долларын (шамамен 524 миллион теңге) иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Данил жарыс барысында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі екінші ірі жеңісі. Бұған дейін, қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де чемпион атанып, үздік ойыншы атағын иеленген болатын. Осылайша, ол бір жыл ішінде қатарынан екі ірі халықаралық жарыста MVP атағын алған санаулы киберспортшылардың бірі атанды.
Семей қаласының тумасы Данил Голубенко Қазақстанның атын әлемдік киберспорт аренасында танытып жүр. Әр жарысқа ол елдің көк туын өзімен бірге алып шығады.
2024 жылдың 8 қаңтарында ол ТМД кеңістігінде танымал АМКАЛ командасының құрамына қосылған. Сербияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында Голубенко интернеттің төмен пингімен (100-ден аз) ойнап, өз шеберлігімен шетелдік қарсыластарын тәнті еткен.







