Қазақстан боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастап тұр
Халықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше өкілі жоғары орындардан көрінді. Атап айтқанда, жеті қазақстандық боксшы өз салмақ дәрежелерінде әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді.
Бірінші орынды иеленген спортшылар тізімі:
Назым Қызайбай – 48 келіге дейін
Аида Әбікеева – 65 келіге дейін
Наталья Богданова – 70 келіге дейін
Санжар Тәшкенбай – 50 келіге дейін
Махмұд Сабырхан – 55 келіге дейін
Төрехан Сабырхан – 70 келіге дейін
Айбек Оралбай – 90 келіден жоғары
Сонымен қатар, бірқатар спортшылар үздік үштікке енді:
Алуа Балқыбекова – 51 келіге дейін, 2-орын
Нұрбек Оралбай – 80 келіге дейін, 2-орын
Виктория Графеева – 60 келіге дейін, 3-орын
Елдана Тәліпова – 80 келіден жоғары, 3-орын
World Boxing федерациясы бұл рейтингті 2024 жылғы Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты, Әлем кубогы кезеңдері және World Boxing Challenge турнирлерінің нәтижелеріне сүйене отырып құрған.