«Тобыл» мен «Ақтөбе» командалары үшінші іріктеу сатысын бастамақ

1 423

Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» мен «Ақтөбе» алғашқы ойындарын өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алдымен елорда уақытымен 20:00-де қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» клубын қабылдайды.


Бұл клуб 1928 жылы құрылған. Өз елінде 1965 жылы бір мәре чемпион атанған.


Биыл Конференция лигасында алдымен Фарер аралдарының «HB Торсхавн» (1:0, 0:0), одан кейін Финляндияның КуПС (2:1, 3:3) командаларын қапы қалдырып кетті.


Ал «Тобыл» Конференция лигасының алғашқы екі іріктеу сатысында Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарын қапы қалдырды.


Аталған жұптағы жеңімпаз ұжым плей-офф сатысында «Виктория» Пльзень (Чехия) мен «Гзира Юнайтед» (Мальта) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.


Сондай-ақ, 23.00-де «Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен кездеседі.


«Сепси» 2011 жылы құрылған. 2016 жылы тұңғыш рет Румынияның жоғары лигасына жолдама алды. Былтыр өз елінің кубогын иеленіп, еурокубок ойындарына жолдама алды.


Ақтөбелік команда Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубын (4:1, 1:2) орта жолда қалдырды.


Аталған жұптағы жеңімпаз плей-офф сатысында «Будё-Глимт» (Норвегия) және «Пюник» (Армения) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.


Барлық кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.