Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева қола медаль еншіледі

443

Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола медаль еншіледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жартылай финалда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева жапондық Ринка Киноситамен кездесіп, ұтылып қалды. Осылайша, Орақбаева құрлық біріншілігінің финалына шыға алмай, турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі) де қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Финалистер туралы айтатын болсақ, кем дегенде екі спортшы "алтын" үшін таласатыны сөзсіз - Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі).
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.