Қатардың бұрынғы мұрагер ханзадасы «Манчестер Юнайтедті» сатып алды

1 342

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жаңа иесі – Қатардың мұрагер ханзадасы Джассим атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі The Sun-ға сілтеме жасап.


Шейх Джассим «Манчестер Юнайтедті» иемдену күресінде жеңіске жетіп, клубты 6 млн стерлингке сатып алуды қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.


Қатар королі отбасының мүшесі британдық миллиардер сэр Джим Рэтклиффтің алдын орап кетті. Рэтклифф клубты сатып алғаннан кейін оның қазіргі иелері – Глейзер отбасына клубтағы үлесін сақтап қалуға мүмкіндік бермек еді.


Глейзерлер Мю-дегі үлесін сақтап, клуб акционерлері қатарында болуды көздеген, бірақ оларға фанаттар тарапынан жағымсыз пікір жауатынын ескертті.


Глейзер отбасы 2005 жылы «Манчестер Юнайтедті» 800 млн фунт стерлингке сатып алған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.