"Астана" футбол клубының бас бапкері 2 жылға спорттан шеттетілді

309

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті "Астана" клубының жаттықтырушысы Андрей Тихоновты спорттан 2 жылға шеттетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысында келесідей шешімдер қабылданды:

"Қайрат" - "Астана" 

Көрермендерге қарсы дөрекі іс-қимыл арқылы көрінетін орынсыз мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының ойыншысы Тигран Барсегян ҚФФ және ПФЛК қолдауымен өтетін барлық жарыстардан бір айға дисквалификацияланады. Шеттету уақыты 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін "Fair Play" қағидаттарын бұзу, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытуымен көрінеді. Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес "Астана" командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ПФЛК қолдауымен өтетін барлық жарыстардан 24 айға шеттетіледі.

"Тараз" - "Ордабасы"

Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес әдепсіз сөздерді ұрандатқан көрермендердің лайықсыз мінез-құлқы үшін "Тараз" футбол клубына 100 АЕК мөлшерінде, яғни 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. "Тараз" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қарашасына дейін өтеуі қажет.

"Ақсу" - "Оқжетпес"

Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес көрермендер алаңына жаппай кіруде көрсетілген көрермендердің лайықсыз мінез-құлықтары үшін "Ақсу" ФК 100 АЕК 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. "Ақсу" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қарашасына дейін төлейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.