Михаил Шайдоров қысқа олимпиадада бесінші орын алды

2 512

Фото: Сәли СабыровҚазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада отандасымыз техникалық элементтер орындау бойынша 52.45 ұпай, ал бағдарлама компоненттерін орындауда 40.49 ұпай еншілеп, 92.94 ұпаймен алдыңғы бестіктен көрінген.

Америкалық Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастаса, жапондық Юма Кагияма екінші орынға жайғасты (103.07 ұпай).

Үшінші орындағы франциялық спортшы Адам Сяо Хим Фа 102.55 ұпай еншілеген.

Айта кетерлігі, отандасымыз 13-ші ақпан күні еркін бағдарламада өнер көрсетеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.