Қазақ қызы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2 301

Фото: Қазақстан Дзюдо федерациясыДана Әбдірова дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Перудің Лима қаласында басталған әлем біріншілігінде Дана ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Дана Әбдірова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтаған.

Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарған.

Ширек финалда Жапония спортшысы Уено Асукадан айласын асырса, жартылай финалда Андраде Жованнаны жеңген. Алайда финалда Дана жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберген.

Айта кетейік, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері қатысып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.