Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шеттетілді

1 407

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.


Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.


Еске сала кетсек, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.


Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар, Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.