Михаил Шайдоров елге тарихи алтын сыйлады

2 513

Фото: ҰОКҚазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарған.

 Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншілеген. Бұл оның жеке рекорды.

Осылайша 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсіп отыр.

Ол жарыс жолында басты қарсыластары АҚШ елінің өкілі Илья Малиниді, жапондық Юма Кагияманы шаң қаптырған.

Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнменен өз өнерін күллі әлемге паш еткен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.