«Барыс» командасы бүгін Ресейде «Салават Юлаев» командасымен кездеседі

2 536

Фото: Виктор Федюнин/KazinformҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу бүгін, 19 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 19:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездесті.


Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.


Турнир кестесінде «Барыс» 40 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр.


Aл «Салават Юлаев» 39 ойыннан кейін 50 ұпаймен 8-орында келеді.


Екі команда арасындағы соңғы он кездесудің төртеуінде қазақстандық команда жеңіске жете алмай жүр.


Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.


Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.


Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық командаға бас бапкер міндетін атқарушы қызметіне Олег Болякин тағайнындалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.