Қазақстандық жас теннисші Словениядағы турнирдің іріктеу сындарынан сәтті өтті
Словенияның Марибор қаласында ITF World Tennis Tour M25 турнирінің іріктеу сайыстары мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі, 19 жастағы Максим Батютенко алдымен аустралиялық Джер Стейлиді тізе бүктірді – 6:3, 7:5.
Содан кейін Максим словениялық Мех Ветрихті қапы қалдырды – 6:4, 6:3.
Батютенко іріктеу сайыстарының финалында тағы бір словениялық Вал Уранкардан айласын асырды – 6:3, 7:5.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған М.Батютенко алғашқы айналымда корт иесі Ник Миковичтен өтуге тырысады.
Максим жасөспірімдер арасында өткен жылы ITF Juniors рейтингісін 50-орынмен қорытындылаған болатын. Қазіргі кезде қазақстандық теннисші Хорватияда Игорь Зорин мен Александр Карпенконың қоластында жаттығуда.