Қазақстандық спортшылар Олимпиадада жеті медаль жеңіп алды

2 542

baq.kzҚазақстандық спортшылар Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарын 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен аяқтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін төрт жылдық доданың соңғы күні екі спорт түрінен екі спортшымыз сайысқа түскен болатын. Өкінішке қарай, екеуі де жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.


Осылайша Париж Олимпиадасы Қазақстан спортшылары үшін толығымен аяқталды.


Алтын жүлдені Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов сыйлаған болатын.


Ал күміс жүлдені спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыаев және бокстан 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралдай жеңіп алды.


Қола медальдарды нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев және әйелдер боксынан 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай жеңіп алды.


Естеріңізге сала кетсек, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медальмен шектелген болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.