«Маған бұл жақ ұнайды». «Қайрат» жұлдызы Қазақстандағы өмірі туралы

369

Фото: Yahoo Esportes BrasiАлматылық «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Yahoo Esportes Brasil-ге берген сұхбатында Қазақстандағы өмірі туралы айтты.

«Маған бұл жақ ұнайды, қала (Алматы) мені таңғалдырды, жылдам бейімделдім. Бірден командама мақсатына жетуіне көмектестім – ел чемпионы титулын иелендік, 16 жыл соған жете алмаған. Бұл жетістікке көңілім қатты толды. Тағы бір жылға келісімшарт ұзарттым (2021 жылыдң соңына дейін), жаңа белестерді еңсеремін деп үміттенемін», – деді футболшы.

Еске салайық, Вагнер Лав «Қайратқа» 2020 жылы 8 шілдеде еркін агент ретінде ауысқан болатын. Былтырғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 13 матч өткізіп, 7 гол соққан. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.